Боранбай Динара Сағатбекқызы

Өзімнен кейде мезі болғанда,
Құшағыңа келіп енсем бола ма?

Динара Боранбай

Сылтау – өзің қаламайтын дүниеге табылады. Ал мен ол нәрсені сүйікті іске, адамға, өмірге араластырмаймын.

Динара Боранбай

Көңіл мен уақыт көп жағдайда бағаланбайды. Бұл қазіргі дерт-ау, шамасы… Иә, адамға жетпей қалатын да, бар кезде бағаланбай қалатын да – осы екеуі.

Динара Боранбай

Сен мінсіз болуға міндетті емессің, бірақ бақытты болуға міндеттісің. Ал бақытты болу – бұл сенің таңдауың. Таңдауың басқалардың күткен үміті болмасын!