Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің айтуынша, 2027 жылдың соңына дейін Қазақстан халқының 100%-ы интернетке қосылады. Оның айтуынша, соңғы үш жылда телекоммуникация саласына 1 триллион теңге инвестиция құйылған. Соның нәтижесінде елдегі интернеттің орташа жылдамдығы 94 Мбит/с-қа жеткен. Ауылдардың 90 пайызына талшықты-оптикалық байланыс, ал қалған 10 пайызына спутниктік интернет жүргізіледі. Орташа интернет жылдамдығы 100 Мбит/с-тен асады, ал жалпы инвестиция көлемі 323 миллиард теңгені құрайды. Бұған қоса, 2027 жылдың соңына дейін 40 мың шақырым автожолды 4G байланысымен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
