Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,3 теңгеге арзандап, 535,83 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 538,13 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 535,73 теңгеден сатып алынады, 537,91 теңгеден сатылады. Еуро 623,05 – 626,83 теңге, ал рубль 6,59 — 6,72 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 75,79 теңгеге сатып алынады, 78,31 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 534,37 теңгеге сатып алынады, 540,34 теңгеден сатылады;

— еуро: сатып алу — 620,48 теңге, сату — 628,49 теңге;

— рубль: сатып алу — 6,53 теңге, сату — 6,69 теңге.

— юань: сатып алу — 76,16 теңге, сату — 79,97 теңге. Еске салайық, бүгін таңертең доллар 538-542 теңге аралығында саудаланды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *