ТөлTUMA:
жаңа көзқарас, ғылымға жаңа есім

                                                                                                               «Рецензенттер бас тарта алмайтын мақала жазуды үйрен»

#Scopus #AcademicPublishing #ResearchPublication #PhDLife

Ғылыми мақала — ғалымның немесе зерттеушілер тобының нақты бір мәселе бойынша жүргізген зерттеу жұмысының нәтижесін баяндайтын логикалық аяқталған туынды.
ЖӨК (КОКСНВО) журналдары - ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ЖОО арасында білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған журналдар тізімі.
Scopus / Web of Science (Халықаралық дерекқорлар) - әлемдегі ең ірі және беделді ғылыми дәйексөз базалары. Мұндағы журналдар өте қатаң іріктеуден өтеді.
Халықаралық конференция материалдары - белгілі бір тақырып аясында өтетін ғылыми жиындардың (симпозиум, конференция, форум) жалпы жинақтары.

Мақаланың ең басты құндылығы — оның жаңалығы.

Gap Analysis (Бос кеңістікті іздеу):

Әлемдік әдебиетке шолу жасағанда «не зерттелді?» емес, «не зерттелмей қалды?» деген сұраққа фокус қойыңыз.

 Ескі мәселені мүлдем жаңа әдіспен (мысалы, AI қолдану арқылы) шешу — бұл да бірегейлік.

Жаһандық теорияны нақты бір аймаққа немесе локалды жағдайға бейімдеп, жаңа заңдылықтарды анықтау.

  • Connected Papers – Тақырып бойынша мақалалардың визуалды картасын жасаңыз. Бір мақала арқылы бүкіл зерттеу желісін табуға көмектеседі.
  • Google Scholar – Әлемдік ғылыми база. Мақалалардың дұрыс цитаталануын және танымалдылығын тексеріңіз.
  • ResearchGate – Ғалымдардың әлеуметтік желісі. Мақалалардың тегін нұсқаларын автордың өзінен сұрауға мүмкіндік береді.

Қателік құны — мансап

Self-Plagiarism (Өзін-өзі көшіру):

Өзіңіздің ескі мақалаңыздағы мәтінді сілтемесіз жаңа жұмысқа пайдалану — этиканы бұзу болып саналады.

Нәтижені әдемі көрсету үшін статистикалық ауытқуларды (outliers) негізсіз өшіріп тастауға болмайды.

Мақалаға үлес қоспаған «беделді» адамдарды автор ретінде қосу (gift authorship) — академиялық ортада үлкен мін.

  • Academic Phrasebank – Манчестер университетінің базасы. Мақаланың әр бөліміне (Кіріспе, Талқылау) арналған дайын кәсіби сөз тіркестерінің жинағы.
  • Hemingway Editor – Мәтінді «судан» тазартады. Сөйлемдердің оқылуын жеңілдетіп, күрделі құрылымдарды қысқартуға кеңес береді.
  • Grammarly – Грамматика мен стилистиканы тексеруші. Ғылыми стильге сәйкес түзетулер ұсынады.

Рецензенттің көзімен қарау

Introduction (Кіріспе):

«Воронка» принципі. Жаһандық мәселеден бастап, мақаланың нақты мақсатына (Aim) дейін тарылту.

 Ең маңызды критерий — Reproducibility (Қайталанушылық). Басқа ғалым сіздің жазбаңыз бойынша дәл сол тәжірибені өткізіп, дәл сол нәтижені алуы тиіс.

 Мұнда автордың пікірі болмауы керек. Тек цифрлар мен фактілер. Салыстырмалы деректерді визуализациялау (диаграммалар) — міндетті.

Нәтижелерді бұрынғы зерттеулермен салыстыру. «Менің нәтижем басқалардан несімен ерекше немесе неге оларға ұқсайды?» деген сұраққа жауап. 

Ғылыми стильдің «сүзгісі»

Hedges & Boosters (Сақтық сөздер):

Ғылымда «бұл солай» деп кесіп айту қауіпті. Оның орнына «деректер көрсеткендей»«ықтималдығы жоғары» деген сияқты сақтық фразаларын қолдану (hedging) — кәсібилік белгісі.

Егер бір нысанды «инновация» десеңіз, мақала соңына дейін солай аталуы керек. Синонимдерді (жаңашылдық, реформа) шатастырып қолдану оқырманды жаңылыстырады.

Өз гипотезаңызға қайшы келетін деректерді де көрсетіп, оларды ғылыми тұрғыдан түсіндіру — нағыз объективтілік.