Мен бұл сабақта дайын ақпарат беруші емес, оқушыларға бағыт-бағдар беруші рөлін атқардым. Қажет болған кезде көмек көрсетіп, бағыттаушы сұрақтар қойдым және тапсырма соңында кері байланыс бердім.
Менің ойымша, Station Rotation әдісінің басты артықшылығы — әр оқушының оқу үдерісіне белсенді қатысуына және ақпаратты әртүрлі тәсілмен меңгеруіне жағдай жасауында. Болашақта бұл әдісті толық қолдану үшін топтарды белгіленген уақыттан кейін барлық станциялар бойынша кезекпен ауыстырып отыруды жоспарлаймын.