Көркем еңбек пәні мұғалімдері арасында 5Е оқыту моделінің ерекшеліктері мен оны сабақ барысында қолданудың мүмкіндіктері туралы пікір алмасу ұйымдастырылды. Талқылау барысында мұғалімдер 5Е моделінің негізгі 5 кезеңімен танысып, әр кезеңнің оқу үдерісіндегі маңызын қарастырды. Атап айтқанда, қызықтыру (Engage), зерттеу (Explore), түсіндіру (Explain), тереңдету (Elaborate) және бағалау (Evaluate) кезеңдерінің өзара байланысы талданды.

Мұғалімдер аталған модельдің оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыруға, өздігінен ізденуіне, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және жаңа білімді тәжірбиемен байланыстыруға қаншалықты ықпал ететінін талқылады. Сонымен қатар, 5Е моделінің дәл “Көркем еңбек” пәнінің мазмұнына қаншалықты сәйкес келетіні, практикалық және шығармашылық тапсырмаларды ұйымдастыруда тиімді нәтиже бере ала ма деген мәселелер ортаға салынды.

Талқылау барысында мұғалімдер өз пікірлерін білдіріп, моделдің артықшылықтары мен ықтимал қиындықтарын саралады. Әсіресе сабақ уақытын тиімді пайланану, оқушылардың деңгей ерекшеліктерін ескеру және әр кезеңге сәйкес тапсырмалар құрастыру мәселелеріне назар аударылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *