Көркем еңбек пәні бойынша «Өнердегі заманауи стильдік бағыттарды зерттеу негізінде тәжірибелік жұмыс орындау» тақырыбында 5Е оқыту моделі негізінде сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушылардың заманауи өнер стильдерін зерттеп, 2D немесе 3D форматында өз шығармашылық жұмыстарын орындауына мүмкіндік беру. Сабақ барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өздігінен ізденуіне және практикалық дағдыларын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді. 5Е моделінің «Қызығушылықты ояту», «Зерттеу», «Түсіндіру», «Қолдану» және «Бағалау» кезеңдері жүйелі түрде жүзеге асырылды. Оқушылар жаңа тақырыпты зерттеп, өз ойларын ортаға салып, шығармашылық жұмыстар орындады. Практикалық тапсырмалар арқылы алған білімдерін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік алды. Сабақ соңында оқушылар өз жұмыстарын бағалап, кері байланыс берді. 5Е моделі оқушылардың сабаққа белсенді қатысуына, шығармашылық ойлауына және өз жұмысына жауапкершілікпен қарауына ықпал етті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *