Менің тәжірибемде бұл әдістің тиімді болғанын байқадым. Себебі оқушылар бірдей тапсырманы орындамай, ақпаратты әртүрлі жолмен меңгерді: бір топ мәтін оқыды, екінші топ бейнематериал көрді, үшінші топ жасанды интеллект арқылы зерттеу жүргізді. Бұл оқушылардың қызығушылығын арттырып, сабаққа белсенді қатысуына мүмкіндік берді.